Нидерланды Гронинген провинциясындағы Еуропадағы ең ірі газ кен орнындағы өндірісті тоқтатты.
Бұл туралы ел билігі жексенбі, 1 қазанда мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.
Өндірістің тоқтағанына қарамастан 11 ұңғыма қыс кезінде тағы бір жыл ашық болады.
"Халықаралық жағдайдың белгісіз болуына байланысты бұл жерде тағы бір жыл газ өндіруге болады", - деп түсіндірді үкімет.
Өндіріс қатты суық немесе газ тапшылығы жағдайлары үшін сақталады. 2024 жылдың қазан айына қарай соңғы 11 ұңғыма біржола жабылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу