Ресей өз жері арқылы Қазақстан мен Қырғызстанға Украина тауарын тасымалдауға салынған тыйым мерзімін жыл соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Atameken TV.
Ресей президенті Владимир Путин тиісті жарлыққа қол қойды. Енді келесі жылға дейін Еуропадан келетін импортқа Белорусь арқылы қол жеткізетін боламыз.
Осыдан 2 жыл бұрынғы саяси шиеленіс салдарынан Федерация Киев арқылы Орталық Азия елдеріне тасымалданатын тауарларға санкция салып, баж салығын арттырған болатын. Кейін бұл тыйым осы жылдың 30 маусымына дейін тоқтатылса, енді оның мерзімі тағы да алты айға ұзартылды. Салдарынан көлік шығыны 30 пайызға артып, Украина транзиттен түсетін 1 млрд доллардан қағылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу