Жерорта теңізінің Ливия жағалауында 250 мигрант мінген екі қайық суға кетті. Құтқарушылар 5 адамның мәйітін тапқан. Қалған жолаушылардың тағдыры әзірге беймәлім. Өңірде іздестіру-құтқару операциясы жүріп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Еуропаға 25 мыңнан астам босқын ауған. Көбісі Африка елдерінің азаматтары. Олардың "кәрі құрлыққа" қауіпті сапары негізінен Ливия арқылы өтеді. Өйткені 2011 жылы осы елдің көсемі Муаммар Каддафи тақтан тайдырылғаннан кейін мұнда орталық билік құру мүмкін болмады. Еуропаға жетуді армандаған мигранттар әдетте осы жағдайды пайдаланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу