Еуропаға барғысы келетін қазақтарға сүйінші жаңалық

503

Жаңа келісім бекітілмек.

Еуропаға барғысы келетін қазақтарға сүйінші жаңалық Фото: canva.com

Еуропа Одағының Қазақстанға виза режимін жеңілдетуге арналған құжатқа қол қойылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы, бұл келісімнің бекітілуі қазақстандықтардың ЕО елдеріне сапарлау мүмкіндіктерін кеңейтіп, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы іскерлік белсенділікті дамытуға ықпал етпек.

"Қазақстан Республикасы мен Еуропа Одағы арасындағы виза режимін жеңілдету келісімін бекіту бойынша келіссөз жүргізу мандатын ЕО-ға мүше мемлекеттер мақұлдаған және Еуропалық Комиссияға жолданған. Осы келісімге қол қоюға арналған келіссөздерде бірқатар мәселе қамтылған. Оның арасында өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту, қажет құжаттар тізбесін қысқарту, визалық алымдарды азайту, жарамдылық мерзімі ұзағырақ бірнеше рет пайдаланылатын визаларды алу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ өтініш берушілердің жеңілдік санаттарын енгізу сияқты ұсыныстар ескерілген", – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігі мәліметінде. 

Ведомство ақпаратына қарағанда, аталған келісімге қол қоюдың нақты мерзімі еуропалық тараппен келіссөздер аяқталғаннан кейін анықталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу