Еуропаға келген босқындар саны биыл 25 мыңнан асып кеткен. Ол жайлы Халықаралық көші-қон ұйымы хабарлайды, деп жазды 24Хабар.
Босқындардың 80 пайызы Италияға табан тіреген. Біразы сондай-ақ Грекия мен Испания шекарасын асқан. Негізі мамандардар бұл сан былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда аз екенін айтады. Өйткені 2016 жылдың алғашқы 3 айында Кәрі құрлыққа 160 мың мигрант келген болатын. Сондай-ақ жыл басталғалы 547 босқын Кәрі құрлыққа жете алмай, жарты жолда көз жұмған. Қайғылы оқиғалардың дені Жерорта теңізінде тіркелген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу