Еуропаға көші-қон дағдарысы қаупі төніп тұр

1915

Германияны Түркиядан Грекияға ағылған мигранттар санының өсуі алаңдатып отыр. 

Еуропаға көші-қон дағдарысы қаупі төніп тұр

Анкара болса, егер ЕО қаржыландыруды  тоқтатқан жағдайда кірмелерге мүлдем тыйым салмайтынын айтты. Ресми Анкараның олай етсе, Германия көші-қон дағдарысына ұшырауы мүмкін. Өйткені 2015-2016 жылдары Түркия Еуропаға ағылған мигранттар легін тыйған жалғыз ел болатын. 

Қазір босқындар орналасқан грекиялық лагерьлер лық толы. Германия Түркияны грекиялық кірмелерді еліне қайтаруға шақырып жатыр. Өйткені бұрын қос мемлекет заңсыз мигранттардың легін тоқтату туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын. 

Айта кетейік, осы келісім бойынша Еуропа Түркияға миллиардтаған еуро бөлген еді. Бірақ іс жүзінде түрік лагерьлеріне тек 1904 адам қайтарылып, 24348 сириялық босқын Түркия арқылы Еуроодақ елдеріне қоныс аударған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу