"Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс аласыз"

603

Әлеуметтік желілерде осындай жарнама тарап жатыр. Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі ақпараттың жалған екендігін ескертіп, сақ болуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс аласыз"

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортынан жоғары кіріс алатынына сендіре отырып, газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда. Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз", – деп жазылған ведомство хабарламасында.

ҚР Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана орналастырылады.

Сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тұрақты негізде қазақстандықтарды жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу