Еуропаға жеткізілетін иран мұнайының көлемі 6 есеге артты

583

 Еуропаға жеткізілетін иран мұнайының көлемі 6 есеге артты

Еуропаға жеткізілетін Иран мұнайының көлемі артты. Дәлірек айтсақ, одаққа мүше 28 елге жеткізілетін мұнай көлемі 2017 жылдың 4 айында 9 млн 316 мың тоннаны құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,7 есеге артып отыр. Иран қара алтынын ең көп сатып алушы Италия болып шықты. Биылғы жылдың алғашқы 4 айында осы елге экспортталған мұнайдың жалпы көлемі 2,871 млн тоннаны құрады. Бұдан өзге, Түркияға жеткізілетін Иран мұнайының биылғы жылдың сәуір айындағы көрсеткіші былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 3 есеге артқан.

Еске сала кетсек, 2011 жылы Иранға қарсы санкция жарияланғаннан кейін мұнай экспорты айтарлықтай қысқарған болатын. Алайда, 2016 жылдың басында санкция алынған сәттен бастап, елдегі мұнай өндіру белсенді ұлғайып келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу