Премьер-министрдің Әзербайжанға сапары барысында қол қойылған келісімдер осындай мүмкіндікке жол ашады. Соның біріне тоқталсақ, Қазақстан, Әзербайжан, Грузия арасында бірлескен логистикалық компания құрылады.
Бұл компания Транскаспий халықаралық дәлізі арқылы тасымалданатын жүктерге арналған ортақ тарифті белгілеуі тиіс. Мейлінше барлық процесті оңтайландыру арқылы Қытай мен Еуропа арасындағы тауарларды жеткізу мерзімін 18-23 күнге дейін қысқарту көзделіп отыр. Бұған дейін бұл маршрут бойынша тасымал уақыты 53 күнге дейін созылып келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу