Еуропалық банктен несие алудан бас тартқан семейлік шенеунікті полиция ұстап әкеткен

1060

Семейде шенеунік Еуропалық банктен несие алу туралы келісімшартына қол қоюдан бас тартты, деп хабарлайды Atameken Business.      

Еуропалық банктен несие алудан бас тартқан семейлік шенеунікті полиция ұстап әкеткен

Сол әрекеті үшін оны полиция ұстап әкеткен. Бұл туралы мәжіліс депутаты Андрей Линник айтты. Сөзінше, Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеуге арналған полигон ашу үшін 7 млрд теңгеге жуық қарыз алу жоспарланған. Дәл сондай полигон Батыс Қазақстанда 200 млн теңгеге салынған. "Келешек" деп аталатын коммуналдық кәсіпорынның басшысы Мақсұт Нығметов бұл 34 есеге қымбат екенін айтып,  сырттан қарыз алуға қарсылығын білдірген. Себебі, оны өтеу қарапайым халықтың мойнына жүктеледі. Мәселен қоқыс төгу үшін тұрғындар 200 теңге төлесе, кейін 700 немесе одан да көп болуы мүмкін. Шенеунік мұндай келісімдердің артында жемқорлық схемасы барын ашып айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу