Еуропалық банктер келесі жылы біраз қиындықтарға тап болды

852

Бұл болжам әлі де өзгертілуі мүмкін.

Еуропалық банктер келесі жылы біраз қиындықтарға тап болды

Еуропалық орталық банк келесі жылы Еуроаймақтағы коммерциялық банктер қиын кезеңді бастан кешіреді деп отыр. Бұл болжам қаржы реттеушісінің ресми сайтында жарияланған. Банктің есебі бойынша, банк секторының кірісі былтырғы көрсеткіштердің деңгейіне 2022 жылы жетеді. Бұл фактор еуропалық экономикаға кері әсерін тигізеді,өйткені несиелеу әлеуеті төмендейді деген пікірде мамандар.
Егер мөлшерлеме өссе, банк секторындағы жағдай біраз оңалар еді. Бірақ мұндай шара қабылданбайды. Өйткені орталық банк пен бірқатар елдің қаржы реттеушілері экономиканы арзан кредит арқылы ынталандыру үшін жеңіл ақша-несие саясатын ұстанып отыр.

Дегенмен бұл болжам әлі де өзгертілуі мүмкін. Себебі бірқатар ел енгізген шектеу шараларынан кейін мамандар көрсеткіштерді қайтадан есептемек. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу