Еуропалық инвесторлар Қазақстанда "жасыл" сутегі өндіруге ниетті

983

Шетелдік инвесторлар Қазақстанды жаңартылатын энергия көздері саласында ірі жобаларды іске асыру үшін тартымды жер деп санайды.  

Еуропалық инвесторлар Қазақстанда "жасыл" сутегі өндіруге ниетті

Осы бағыттағы еліміздің әлеуетін зерттеу нәтижелері туралы "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу аясында "SVEVIND Energy GmbH" швед-неміс концернінің басшылығы хабарлады, деп жазады СІМ Телеграм каналда.

Шетелдік компания өкілдері атап өткендей, бүгінгі таңда ең қолайлы жер телімдеріне алдын ала жобалау жұмыстары жүргізіліп, олардың әрқайсысында 10 ГВт жасыл энергия өндірісін құруы қарастырылған. Болашақта бұл көрсеткішті 30 ГВт-қа дейін ұлғаю көзделген.
Өз кезегінде Мейіржан Юсупов Еуропалық Одақ елдерінің сутегі экономикасына көшуі аясында сутегі өндірісі перспективалы және маңызды бағыт болып табылатынын атап өтті. Жақын арада электр энергетикасында, автомобиль және теміржол көлігінде ғана емес, қара металлургияда, мұнай химиясы мен авиацияда да экологиялық таза сутегі технологияларына қолдау көрсету жоспарланып отыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан аумағында инновациялық жобаларды іске асыру бағытында күш-жігерді шоғырландыру туралы уағдаласты.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу