Еуропалық қайта құру және даму банкі Air Astana компаниясының 5 пайыз акциясын алды

324

Еуропалық қайта құру және даму банкі IPO аясында Air Astana әуе компаниясының 5 пайыз акциясын сатып алды.  

Еуропалық қайта құру және даму банкі Air Astana компаниясының 5 пайыз акциясын алды Фото: ebrd.com

"Еуропалық қайта құру және даму банкі флагмандық қазақстандық Air Astana әуе тасымалдаушының акцияларына 41,99 млн доллар (39,02 млн еуро) инвестиция салып, елдегі акцияларды бастапқы жария орналастыру арқылы жартылай жекешелендіруге қолдау білдірді. ЕҚДБ инвестициясы Air Astana әуе компаниясы акциясының 5 пайыздық топтамасын қамтиды", - делінген банктің ресми сайтында жарияланған ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін Лондонда Air Astana акциялары сатылымға шығарылды. Ал ертеңнен бастап KASE мен AIX алаңдарында сатыла бастайды. KASE және AIX акцияларына инвесторлардың өтінімдері теңгемен берілуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу