Еуропалық қайта құру және даму банкіне Қазақстан бойынша директор тағайындалды

785

Еуропалық қайта құру және даму банкіне  Қазақстан бойынша директор тағайындалды

Аталмыш банктің тізгіні Агрис Прейманиске тапсырылды.

Банктің Қазақстанға салған инвестициясының көлемі 8 млрд АҚШ долларынан асады. Бұл туралы ЕҚДБ бірінші вице-президенті Фил Беннет бастаған делегацияның Алматыға сапары барысында мәлім болды. 
ЕҚДБ қоғаммен байланыс қызметінің маманы Бақытжан Мұхамедияұлының айтуынша Латвия азаматы Агрис Прейманис Оксфорд университетінің экономика және қаржы докторы дәрежесіне ие. 
"ЕҚДБ-ға жұмысқа 2010 жылы келіп, 2014 жылдан бері Орталық Азия аймағындағы бас экономист лауазымында жұмыс істеді. Осы лауазымында ол Алматыға ауыстырылып, Қазақстанға инвестициялар тарту және мемлекеттік органдармен қарым-қатынасты дамыту мақсатымен іскерлік топтар мен мемлекеттік құрылымдар арасында тығыз қатынас орнатты. Ол сондай-ақ Шетелдік инвесторлар кеңесінің инновациялық-технологиялық даму және экономиканы әртараптандыру жұмыс тобының төрағасы және операциялар бойынша комиеттің мүшесі. Агрис Прейманис мырза ел экономикасының бәсекелестікке қабілеттігін күшейту, ішкі және сыртқы қарым- қатынасты, банк секторының тұрақтылығын нығайту және "Реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам" ұлттық бағдарламасын асыру шеңберінде мемлекеттік құрылымдар мен жеке сектормен белсенді жұмыс жасап келеді. Агрис  Прейманис жаңа лауазымында осы жұмысты жалғастырады", – дейді Бақытжан Мұхамедияұлы.
Өзінің жаңа тағайындауы туралы Агрис Прейманис: "Қазір Қазақстан үшін маңызды кезең: мемлекет өзінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға ұмтылып, инновациялық болуға, жаңа әлемдік экономикалық жағдайға бейімделуге тырысып жатыр. ЕҚДБ Қазақстан бойынша директоры лауазымына дәл қазір тағайындалғаныма қуаныштымын, ЕҚДБ елдегі маңызды инвесторлардың бірі болып қала беруіне және Қазақстанның реформаларды іске асырудағы басты әріптесі бола беруіне бар күшімді саламын. ЕҚДБ үшін басым бағыттар – экономиканың шикізат емес салалары, транспорттық, ішкі және трансшекаралық байланыстарды нығайту және жасыл энергетика болады", - деп атап өтті. 
Осы лауазымда Агрис Прейманис Джане Хэкман ханымды алмастырды. Джанет аз уақыт бұрын ЕҚДБ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі аймағына басқарушы директор болып тағайындалған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу