Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті елімізге іс-сапармен келмек

662

Рено-Бассо жоғары лауазымды тұлғалармен, банк клиенттерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті елімізге іс-сапармен келмек

Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиле Рено-Бассо Қазақстанға жұмыс сапарымен келмек. Іскерлік келіссөздер 2021 жылдың 22-24 қыркүйек аралығына жоспарланған, деп хабарлайды inbusiness.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"22-24 қыркүйек аралығында ЕҚДБ президенті Одиле Рено-Бассо Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді, жоғары лауазымды тұлғалармен, банк клиенттерімен және азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі. Бұл оның Орталық Азиядағы ірі мемлекеттердің біріне президент ретінде алғашқы сапары", – деп жазылған хабарламада.

ЕҚДБ президенті үш күнге созылатын бағдарлама аясында елдің жоғары лауазымды тұлғаларымен, оның ішінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер-министр Асқар Мамин және Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловпен кездеседі.
Ол сондай-ақ Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаевпен, "Астана" халықаралық қаржы орталығының басшысы Қайрат Келімбетовпен және Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымовамен кездеседі.

"Рено-Бассо ірі инфрақұрылымдық жобаларға қол қоюға және Қазақстанда жасыл экономика, цифрландыру және шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін талқылау үшін шағын және орта кәсіпорындардың және азаматтық ұйымдар өкілдерімен дөңгелек үстелге қатысады", – деп жазылған хабарламада.

ЕҚДБ – Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 35 елдегі, сондай-ақ Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі жобаларды қаржыландыратын халықаралық қаржы институты. Бүгінде банк 290 жобаны іске асыру аясында ел экономикасына 8,4 млрд доллардан астам инвестиция салды.
     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу