Еуропалық кәсіподақтар Брюссельде үлкен наразылық шеруін өткізді

233

Оған қатысушылар өмір сүру деңгейінің төмендеуіне наразы болса, ал шерушілер жалақы мен зейнетақыны көтеруді талап етуде. 

Еуропалық кәсіподақтар Брюссельде үлкен наразылық шеруін өткізді Фото: Associated press

12 желтоқсан күні Брюссель қаласында Бельгия мен басқа да Еуропа елдері кәсіподақтарының 5 мың мүшесінің қатысуымен наразылық шеруі өтті. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шерушілер таңғы сағат 10-да Еуропа астанасының орталығына жиналып, сағат 13.30-ға дейін қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Іс-шараны Бельгияның кәсіподақтары және олардың Еуропалық Одақтың басқа елдеріндегі әріптестері – Франция, Италия және Литва елдері ұйымдастырды.

Бастамашылардың басты мақсаты – жұмысшылардың құқықтарын қорғау, және Еуропалық комиссияның қарауындағы тұрақтылық пен өсу шартына наразылық білдіру.

Бұл құжат Еуропалық Одақ мемлекеттері арасындағы салық және бюджет саясатына қатысты келісім болып табылады. Осы кезеңде, Еуропалық комиссия келесі жылы фискалдық ережелерді бекітетін 2024 жылға арналған Еуропалық тұрақтылық пен өсу шартын талқылайды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, Брюссельдегі наразылық акциясына Еуроодақ елдерінен мыңдаған адам қатысты. Шерушілер мемлекеттік қызмет көрсету саласын жаңғыртуға, жалақы мен зейнетақыны көтеруді талап етті.

Құжат жобасына сәйкес, ЕО мемлекеттері экономикалық саясатты, оның ішінде бюджетті қысқартуға және салықты арттыруға бағытталған "қатаң үнемдеу" деп аталатын саясатты жүргізуі қажет.

Алайда, ЕО-ның 45 миллион тұрғыны бар Еуропалық кәсіподақтар конфедерациясы жаңа тұрақтылық пен өсу келісімі келесі жылы 14 Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттерді бюджеттерін қысқартуға мәжбүр етеді деп мәлімдейді.

Олардың пікірінше, қысқарту мемлекеттік секторға (білім беру мен денсаулық сақтау) және халыққа әсер етеді. Осыған байланысты, наразылық білдірушілер коронавирустық пандемия кезіндегі бюджеттік қолдаумен салыстырылатын еуропалық ынтымақтастық механизмін құруды талап етіп жатыр.

Сонымен қатар, Бельгия астанасында өткен ірі шеру бірнеше көлік проблемаларын туғызды. Сондай-ақ, Брюссельдегі қоғамдық көліктер және жергілікті көлік компанияларының қызметкерлері де наразылық акциясына қатысуға шешім қабылдағандықтан үзіліспен жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу