Еуропалық Кеңес Грузияның Еуропалық Одаққа әзірге қабылданбайтынын ескертті

180

Еуропалық Кеңес ресми Тбилисидің әрекеті нәтижесінде Грузияның Еуропалық одаққа қабылдау процесін тоқтата тұру туралы ескертті. 

Еуропалық Кеңес Грузияның Еуропалық Одаққа әзірге қабылданбайтынын ескертті Фото: EPA/ТАСС

Бұл туралы ЕО саммитінің қорытындысы бойынша мәлімдемеде айтылған, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

"Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы заң комиссияның кандидат мәртебесін беру жөніндегі ұсынымында көрсетілген қадамдардан бас тартуды білдіреді. Еуропалық Кеңес Грузия билігін Грузияның ЕО-ға баратын жолына қауіп төндіретін және кіру процесін тоқтатуға әкелетін қазіргі әрекетін өзгерту арқылы өз ниеттерін нақтылауға шақырады", - делінген хабарламада.

ЕО басшылары сонымен қатар "осы күзде Грузияда еркін және әділ парламенттік сайлауды қамтамасыз етудің маңыздылығын" атап өтті.

"Грузин арманы" АҚШ-тың визалық санкцияларына және ЕО-ның елді қаржыландыруды және еуроинтеграцияны тоқтата тұру қаупіне қарамастан, "шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы" заңнан бас тартқысы келмейтінін және оның үстіне бірінші оқылымда ЛГБТ насихатына қарсы заң жобаларының пакетін қабылдағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу