Еуропалық кеңес Венесуэладағы сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартты

228

Осылайша Еуропалық кеңес Мадуроның Венесуэла президенті болып қайта сайланғанын мойындамай отыр. 

Еуропалық кеңес Венесуэладағы сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартты Фото: Дзен

Венесуэланың ұлттық сайлау кеңесі (CNE) жариялаған елдегі президенттік сайлаудағы дауыстарды санаудың ресми нәтижелерін сенімді деп тану мүмкін емес. Бұл – Еуроодақтың ұстанымы. Жексенбі күні ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелдің атынан тиісті мәлімдеме Еуропалық кеңестің сайтында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде халықаралық бақылаушылар Венесуэладағы дауыс беру ұйымының халықаралық стандарттарға сәйкес еместігін нақты көрсеткені, ал Венесуэла сайлау комитеті әлі күнге дейін сайлау учаскелерінен Николас Мадуроның сайлаудағы жеңісін растайтын хаттамаларды жарияламағаны айтылған. 

"Оппозиция жариялаған және бірнеше тәуелсіз ұйым қараған сайлаудағы дауыс беру хаттамаларының көшірмелері Эдмундо Гонсалес Уррутияның президенттік сайлауда айтарлықтай басым дауыспен жеңіске жеткенін байқатып отыр", - делінген Жозеп Боррел мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу