Еуропалық кеңестің төрағасы "АЛЖИР-ді" барып көрді

652

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск "АЛЖИР" мемориалды-музей кешеніне барды.

Еуропалық кеңестің төрағасы "АЛЖИР-ді" барып көрді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес басшысы "АЛЖИР" мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді. 

31-мамыр –саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу