Ақпаратта көрсетілгендей, Еурокомиссия заң жобасын келесі аптаның соңында ұсынады. Құжаттың алдын ала нұсқасында БАҚ меншігінің ашықтық талабы туралы айтылған. Аталған регламент сақталмаған жағдайда Еурокомиссияға еуропалық деңгейде құқықтық рәсімді бастауға мүмкіндік беруді көздемек.
Венгрия және Польшадағы баспасөз еркіндігінің нашарлауына алаңдаушылық білдірген Еуропалық комиссия бұл заңның БАҚ-қа меншікті реттеп, журналистерді қысымға ұшыраудан қорғайды деп үміттенеді.
Бұдан бөлек Польша, Венгрия және Грецияда орын алған жағдайларды ескере отырып, құжатта ақпарат көзінің құпиясын қорғау, журналистер мен олардың отбасы мүшелерін тыңшылық бағдарламалар арқылы электронды бақылауға тыйым салу да қарастырылған.
Жаңа заң мемлекеттік БАҚ-қа басшыларды тағайындау ашықтық принципіне сәйкес жүргізілуін, қаржыландырудың тұрақты болуын талап етпек.