Еуропалық комиссия осы аптада Украинаға 5 миллиард еуро макроқаржылық көмек ұсынбақ

563

Бұл ЕО-ның жетінші қаржылай көмегі.

Еуропалық комиссия осы аптада Украинаға 5 миллиард еуро макроқаржылық көмек ұсынбақ

Брюссель осы аптада Украинаға қосымша 5 миллиард еуро макроқаржылық көмек ұсынады. Бұл туралы Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Украинадағы жағдай әлі де біздің қолдауымызды талап етеді. Осыған дейін берілген 10 миллиард еуродан бөлек, осы аптада біз қосымша 5 миллиард еуроны макроқаржылық көмек ретінде ұсынамыз. ЕО Украинаға көмек қажет болғанынша қол ұшын созудан аянбайды", – деп жазды твиттерінде Еуропалық комиссияның президенті Украинаның премьер-министрі Денис Шмыгалмен болған кездесуге түсініктеме беріп.

Дүйсенбіде Брюссельде ЕО-Украина қауымдастығының сегізінші кеңесі өтті, онда Еуропалық Комиссияның коммюникесіне сәйкес, екіжақты күн тәртібі, атап айтқанда, қауымдастық туралы келісімнің орындалуы және өзара ынтымақтастықтың тынысы талқыланды. Кеңес отырысында ЕО-ның Сыртқы істер жөніндегі Жоғары өкілі Жозеп Боррель мен Украинаның премьер-министрі тең төрағалық етті.

Шілде айында Еуропалық Одақ Киевке жаңа макрофинанс көмегінің бірінші траншы ретінде 1 миллиард еуро бөлуді мақұлдады. Қаражат тамыз айының басында елге түсті. Қаржы бағдарламасының жалпы көлемі 9 млрд еуроға бағаланады. Тамыз айының соңында Еуропалық комиссия қаражаттың қалған бөлігін төлеу мәселесін шешумен айналысатынын мәлімдеді.

ЕО макроқаржылық көмектің жаңа бағдарламасы санақ бойынша жетінші болып отыр. Алдыңғы, алтыншы бағдарлама бойынша қорытынды траншты Киев мамыр айында алды, бағдарламаның жалпы көлемі 1,2 млрд еуроны құрады.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу