Еуропалық комиссия Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді ұсынды

764

Бұған қатысты шешім 23-24 маусымда қабылданады. 

Еуропалық комиссия Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді ұсынды

Еуропалық комиссия Еуропалық Кеңеске Украинаға ЕО мүшелігіне үміткер мәртебесін беруді ұсынды. Бұл туралы комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол Украинаның бірқатар маңызды реформаларды жүзеге асыруы керектігін мәлім етті. 

Украина Президенті Владимир Зеленский 28 ақпанда Украинаның Еуропалық Одаққа кіруі туралы өтінішке қол қойған болатын. Енді бұған қатысты шешім 23-24 маусымда қабылданады.

Киевке сапарлай келген Франция Президенті Эммануэль Макрон Франция, Германия, Румыния және Италия Украинаға Еуропалық Одақ мүшелігіне мәртебесін беруді қолдайды деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу