Еуропалық Комиссия X әлеуметтік желісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

282

Бұған дейін, Еуропалық билік X-тың екі есебі негізінде алдын-ала тергеу жұмыстарын жүргізген. 

Еуропалық Комиссия X әлеуметтік желісіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр Фото: pixabay.com

Еурокомиссия X әлеуметтік желісіне (бұрынғы твиттер) қатысты оның цифрлық қызметтер туралы заңын (Digital Services Act, DSA) бұзуы мүмкін деген айыппен іс қозғағаны белгілі болды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Еуропалық Комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тергеу әлеуметтік желінің ЕО-да заңсыз контенттің таралуына қарсы тұру үшін DSA талаптарына сәйкес келетін-келмейтініне назар аударады. Сондай-ақ, компанияның ақпаратты манипуляциялаумен күресу үшін қабылдап жатқан шаралары қаншалықты тиімді екенін тексереді. Бұдан бөлек, Х қызметінің ашықтығын арттыру үшін қандай шаралар қажет екеніне мән береді. Сондай-ақ, ол ақылы жазылым арқылы алуға болатын құсбелгілер түріндегі тіркелгілердегі жазбалардың пайдаланушыларды жаңылыстыратынын тексереді.

Сонымен қатар, Еуропалық билік екі X есебіне, сондай-ақ оның ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс контекстінде заңсыз мазмұнды таратуға қатысты Еуропалық Одақтың сұрауына берген жауабына негізделген алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізген.

Өз кезегінде  Еуропалық Комиссия бұл мұндай түрдегі алғашқы ресми сот процесі екенін атап өтті. Комиссия заң бұзушылықтар туралы дәлелдемелерді жинайды, сондай-ақ, әлеуметтік желіні DSA (Digital Services Act, DSA) ережелерін сақтауға мәжбүрлеу үшін әртүрлі шараларды енгізе алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу