Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Әзербайжанға келді

83

Урсула фон дер Ляйен Бакуде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті.  

Еуропалық комиссияның президенті Урсула фон дер Ляйен Әзербайжанға келді Фото: t.me/aznovost

Тараптар Еуроодақ пен Әзербайжан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Саясаткер өзінің X парақшасында сапарының басты мақсатымен бірден бөлісті.

"Бакуге қондым. Еуропалық Одақ Оңтүстік Кавказдың жарқын болашағына – өзара байланысты, бейбіт және гүлденген болашағына сенеді. Біз осы болашақты құруға көмектескіміз келеді. Мен сондай-ақ ЕО мен Әзірбайжан арасындағы серіктестікті тереңдету үшін келдім. Саудадан көлікке, энергетикадан экономикаға дейін", – деп жазды ол.

Урсула фон дер Ляйен Оңтүстік Кавказдағы көлік және инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға арналған "Ғаламдық қақпа" бағдарламасы аясында 200 млн еуроға дейін қаржы бөлінетінін мәлімдеді. Бұл бастама мемлекеттік және жеке сектордан шамамен 2 млрд еуро көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Сапар аясында Урсула фон дер Ляйен бүгін Арменияға барып, елдің премьер-министрі Никол Пашинянмен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу