Еуропалық компаниялар елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын локализациялауға ниетті

91

Қазақстан делегациясы салада маманданған еуропалық кәсіпорындарда болды.

Еуропалық компаниялар елімізде ауыл шаруашылығы техникаларын локализациялауға ниетті Фото: YouTube

Еуропалық компаниялар басшыларымен елімізде заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын локализациялау мәселесі талқыланды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Өнеркәсіптік кооперацияны дамыту шеңберінде Қазақстан делегациясы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге маманданған еуропалық бірқатар жетекші кәсіпорындарда болды. Атап айтқанда, John Deere, Dewulf, Vervaet және Väderstad компанияларында сапарлар ұйымдастырылды. Бұл кәсіпорындар тамыржемістілерді өсіруге арналған жабдықтар, трактор, қызылша жинау және тыңайтқыш енгізу, сондай-ақ тұқым себу мен топырақ өңдеуге арналған техникалар шығарады.

Жұмыс сапары барысында делегация өндірістік үдерістермен танысты және шетелдік кәсіпорындар басшылығымен еліміздің аумағында өндірісті локализациялау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Кездесулер қорытындысында Қазақстан аумағында заманауи жоғары өнімді техниканың бірқатар түрлерін локализациялау жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу