Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақыл өндіретін серіктес іздеуде

1116

Еуропалық компаниялар Қазақстанда майлы дақыл өндіретін серіктес іздеуде

Еуропалық компаниялар белгілі бір ауыл шаруашылығы майлы дақылдарын өсіру және өңдеу бойынша қазақстандық аграрийлермен әріптестікке мүдделі, деп хабарлайды Qazaq Organic Food ұйымдастыру комитеті.              

Атап айтқанда, Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig/Germany Германия компаниясы "Қазақстанда арышты ауыл шаруашылығындағы әртараптандырылған өнім ретінде өсіру және қайта өңдеу" жобасы аясында біздің ірі және орта ауыл шаруашылығы өндірушілерімізбен және инвесторлармен ынтымақтастыққа дайын.

Дәл осындай нақты мақсатпен неміс компаниясының өкілдері Астанада өтетін Қазақстанның KazOil 2018 халықаралық май-тоңмай конференциясына қатысуға ниетті.

Шикізат ретінде шет елдерде арыш майына сұраныс зор. "Қазақстандық серіктестер тарапынан қызығушылық танытқан жағдайда біз май мен шроттың 100% - ын өткізуге кепілдік береміз", - дейді Casus Bio Oil Trading UG, Leipzig/Germany .

Арыш – қоршаған ортаның факторларына бейімделген өнімділігі мен майлылығы жоғары (42% - ға дейін) перспективалы майлы дақыл. Арыш майы тағамдық мақсаттарға адам рационына бағалы биологиялық қоспа ретінде, сондай-ақ техникалық мақсаттарға пайдаланылуы мүмкін.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы майлы дақылдар нарығының жағдайы, сондай-ақ оның дамуының негізгі тежеуші факторлары Қазақстанның KazOil 2018 екінші Халықаралық май-тоңмай конференциясы барысында жетекші қазақстандық және әлемдік сарапшылар мен талдаушылардың талқылауына айналады.  Іс-шара 28-29 қарашада Астана қаласында өтеді және майлы дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін экспорттаушылар мен импорттаушыларды, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді, агрохолдингтер, қауымдастықтар, қайта өңдеу кәсіпорындары, логистикалық компаниялар, талдау агенттіктері, банктер, инвестициялық қорлар, тауар биржалары мен брокерлердің өкілдерін, т.б. жинайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу