Еуропалық қор индекстері банк секторындағы жаңалықтардан кейін құлдырай бастады

Bloomberg дерегінше, британдық FTSE 100 қор индексі 2,21%-ға, неміс DAX – 2,88%-ға, француздық CAC 40 – 2,59%-ға төмендеді.    

Еуропалық қор индекстері банк секторындағы жаңалықтардан кейін құлдырай бастады Фото: wfin.kz

13 наурыз Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері күрт құлдырай бастады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Оған себеп АҚШ-тағы екі банктің жабылғаны туралы ақпарат пен бұл мәселелердің еуропалық банк саласына таралуы мүмкін деген тәуекелдер. 

Аймақтағы ең ірі компаниялардың жиынтық индексі Stoxx Europe 600 – 2,43%-ға төмендеп, 442,73 тармақты құрады. Банк секторының қосалқы индексі 4%-ға жуық төмендеді.

Bloomberg дерегінше, британдық FTSE 100 қор индексі 2,21%-ға, неміс DAX – 2,88%-ға, француздық CAC 40 – 2,59%-ға төмендеді. Итальяндық FTSE MIB және испандық IBEX 35 сәйкесінше 4,3% және 3,4% жоғалтты.

Еске сала кетсек, АҚШ-тың Silicon Valley Bank-і банкроттыққа ұшырады. Сонымен қатар реттеуші органдар криптовалюта иелері арасында танымал болған Нью-Йорктегі Signature Bank-ті жапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу