Еуропалық қор индекстері құлдырай бастады

Инвесторлар Еуропалық Орталық банк отырысының нәтижелерін күтуде.  

Еуропалық қор индекстері құлдырай бастады Фото: Quasa.io

15 наурыз Батыс Еуропа елдерінің қор индекстері құлдырады, инвесторлар Еуропалық Орталық банк отырысының нәтижелерін күтуде. 
 
Аймақтағы ірі компаниялардың жиынтық индексі Stoxx Europe 600 –  0,95%-ға төмендеп, 445,27 тармақты құрады.

Британдық FTSE 100 қор индексі 0,97%-ға, неміс DAX – 0,69%-ға, француздық CAC 40 – 1,17%-ға төмендеді. Итальяндық FTSE MIB және испандық IBEX 35 әрқайсысы 1,4% жоғалтты.

Аталған нарық үшін осы айдың негізгі оқиғасы Еуропалық Орталық банктің наурыздағы отырысы болады. 

Нарық қатысушылары ЕОБ негізгі пайыздық мөлшерлемелерді 50-ге көтереді деп үміттенеді. 

Сондай-ақ инвесторлар Ұлыбританияның қаржы министрі Джереми Ханттың парламент қабырғасындағы бюджет туралы жылдық баяндамасын асыға күтуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу