Еуропалық қор индекстерінің саудасы бәсеңдеді

Бұған ең ірі орталық банктердің ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдату себеп болса керек

Еуропалық қор индекстерінің саудасы бәсеңдеді Фото: 7kun.kz

Еуропалық қор нарықтарында төмен динамика тіркелді, деп жазады inbusiness.kz.

Трейдерлер әлемдегі ең ірі орталық банктердің ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуы, жаһандық экономиканың әлсіреуі туралы "белгілер", сондай-ақ Ресейдегі саяси шиеленіс нәтижесінде сақтық таныта бастады.

Аймақтағы ең ірі компаниялардың жиынтық индексі Stoxx Europe 600 дүйсенбі күні 0,1%-ға төмендеп, 452,68 тармақты құрады. Соңғы аптада аталған нарық акциялары 3%-ға жуық арзандаған, бұл наурыздан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Британдық FTSE 100 және неміс DAX индексі 0,11% жоғалтты, француздық CAC 40 индексі 0,29%, итальяндық FTSE MIB - 0,12%, испандық IBEX 35 - 0,09% қосты.

Осы аптада трейдерлердің назары 26-28 маусым аралығында өтетін Синтрадағы (Португалия) Еуропалық Орталық банктің (ЕОБ) жыл сайынғы форумына бағытталған. Сәрсенбі күні форум сессияларының біріне ЕОБ президенті Кристин Лагард, Федералды резерв жүйесінің төрағасы Джером Пауэлл, сондай-ақ Англия банкі мен Жапония банкінің басшылары Эндрю Бэйли мен Кадзуо Уэда қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу