Еуропалық Одақ 22 ақпанда Ыстамбұлда саммит өткізуді жоспарлап отыр

454

Кездесуде басты тақырып Украинадағы қақтығыс талқыланады.

Еуропалық Одақ 22 ақпанда Ыстамбұлда саммит өткізуді жоспарлап отыр Фото: government.nl

Саммит 2022 жылдың 24 ақпанында мерейтойға орайластырылады, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркиядағы ЕО Өкілдігінің басшысы Николас Майер-Ландрут мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Кездесуге Украина өкілі шақырылады. Саммитте Украинадағы қақтығыстың геосаяси және экономикалық салдары талқыланады. 

"Алдағы саммит - Украинаға қолдау көрсетудің тағы бір тәсілі. Өткен жылдың 24 ақпаны Еуропа тарихындағы шешуші сәт болды", - деді Майер-Ландрут.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу