Еуропалық Одақ Ақтау портына қаржылық қолдау көрсетеді

78

Бұл жаңалық Транскаспий халықаралық көлік дәлізі және өзара байланыс жөніндегі Ташкент Инвесторлар форумында белгілі болды.  

Еуропалық Одақ Ақтау портына қаржылық қолдау көрсетеді Фото: portaktau.kz

Ақтау портының басшысы Дәурен Құтпанбаев Еуропалық Одақ грантын беру туралы маңызды келісімге қол қою рәсіміне қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) €35 млн мөлшеріндегі несиесі және қаржыландырудың қосымша қайтарымсыз бөлігі ретінде Еуропалық Одақтың €10 млн мөлшеріндегі грантын қамтитын қаржылық пакетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жұмыстың қорытындысы болды.

Еуропа мен Орталық Азия арасындағы тұрақты көлік байланыстары мәселелері бойынша ЕО мен ЕҚДБ-ның бұрын жүргізген бірлескен зерттеулеріне сәйкес, Ақтау порты Транскаспий маршрутының негізгі элементтерінің бірі ретінде айқындалған.

"Бөлінетін қаражат 2 айлақты реконструкциялауға және ұзартуға, сондай-ақ ауа-райына төзімді айлақ крандарын сатып алуға бағытталатын болады, бұл контейнерлік жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі қуатты ұлғайтуға мүмкіндікті арттырады.

Көлік көлемінің өсуі және транзиттік ағындардың кеңеюі жағдайында жаңғырту порттың өткізу қабілетін 0,5 млн тоннадан астам бас жүктерге ұлғайтуды қамтамасыз етеді және бір мезгілде төрт толық көлемді кемеге қызмет көрсетуге мүмкіндік береді”, – делінген ресми ақпаратта.

ЕО бұған дейін Транскаспий маршрутын дамытуға €10 млрд резервтеу туралы жариялаған болатын. Осы дәліздің орталық буыны ретінде Қазақстан порт, теміржол және логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға иек арта алады, бұл оның Орталық Азияның жетекші транзиттік хабы ретіндегі ұстанымын нығайтады және транзиттік кірістердің өсуін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу