Бұл туралы Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты France24-ке сілтеме жаасап.
"Ғылым – бұл инвестиция және біз ғалымдарды дұрыс ынталандыруымыз керек. Сондықтан мен Еуропаны зерттеушілер үшін магнитке айналдыру мақсатында 2025-2027 жылдарға арналған 500 миллион еуро көлеміндегі жаңа пакетті ұсынатынымызды жариялаймын", – деді Урсула фон дер Ляйен Парижде Макронмен бірге сөйлеген сөзінде.
Парижде өткен басқосуда Еурокомиссия төрағасы мен Франция Президенті Эммануэль Макрон "шетелдік зерттеушілерді қолдау" туралы Еуроодақтың жаңа бағдарламасын таныстырды.
"Ғылым үшін Еуропаны таңдаңыз" деп аталатын бұл бастама арқылы Еуропа ғылымын дамытуға шетелдік, әсіресе АҚШ ғалымдары тартылмақ.
Президент Макронның айтуынша, АҚШ-та қысым көрген оқымыстыларға Еуропада ғылыммен еркін айналысу үшін барлық жағдай жасалады.