Еуропалық Одақ Армения мен Әзербайжан шекарасын делимитациялауды қолдайды

278

15 мамырда Әзербайжан мен Арменияның делимитация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиялары бірлескен хаттама жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еуропалық Одақ Армения мен Әзербайжан шекарасын делимитациялауды қолдайды Фото: arminfo.info

Еуропалық сыртқы әрекет қызметі 1991 жылғы Алматы келісімі негізінде Армения-Әзербайжан шекарасын делимитациялау процесінде қол жеткізілген ілгерілеуді, атап айтқанда, 15 мамырда Армения-Әзербайжан шекара комиссияларының 9-шы отырысында қол қойылған хаттаманы құптайды. Соның нәтижесінде шекараның бірнеше учаскесіне қатысты келісімге қол жеткізілген еді.

"ЕО тараптарды екіжақты мәселелерді шешу үшін одан әрі шешуші қадамдар жасауға шақырады және Оңтүстік Кавказ аймағында тұрақты және ұзақ бейбітшілік орнатуға бағытталған күш-жігерді қолдауға ниетті", - делінген ЕАЭО мәлімдемесінде.

11 мамырда Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері келіссөздерді жалғастыруға келісті.

Айта кетейік, 15 мамырда Әзербайжан мен Арменияның делимитация мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиялары Әзербайжанның Газах аумағы мен Арменияның Тавуш аймағындағы елді мекендер арасындағы шекара сызығының учаскелерін сипаттайтын бірлескен хаттама жасаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу