Еуропалық одақ экономиканы артқа тартатын 7 елді атады

270

Еуропалық Одақ бюджет ережелерін бұзу нәтижесінде Польша, Франция, Италия, Бельгия, Венгрия, Мальта мен Словакияға қарсы ресми істер қозғады. 

Еуропалық одақ экономиканы артқа тартатын 7 елді атады Фото: DW

Енді аталмыш елдерге мәжбүрлі түрде үнемдеу процедурасы қолданылатын болады. Толығырақ Gazeta поляк басылымы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мемлекеттерге тиісті түзету шараларын қабылдау және жүзеге асыру үшін төрт жылдан жеті жылға дейін уақыт беріледі.

Маусым айында Еуропалық Комиссия (ЕК) Польшаны біраз салаларда үнемдеу процедурасын бастауға кеңес берген елдер тізіміне ресми түрде енгізді. Оның себебі 2023 жылы ЖІӨ-нің 3% шегінен асып, 5,1%-ға жеткен тапшылық болды. ЕК болжамы бойынша, 2024 жылы ол одан да жоғары болады және ЖІӨ-нің 5,4%-ын құрайды. Польша мұндай процедурадан 2009 жылы бір рет өтті.

Сол ресми Варшава күзге дейін күрделі экономикалық жағдайды түзету жоспарын ЕК-ге жіберуге мәжбүр болады.

"Әрине, тапшылығы бізден аз елдер бар, бірақ біз үлкен әскери шығындармен Польшаны ғана емес, бүкіл ЕО-ны қорғауға қаражат саламыз, сондықтан біз бұл үшін жазаланбауымыз керек", - деп санайды поляк Қаржы министрлігінің басшысы Анджей Доманский.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу