Еуропалық Одақ Газада гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырды

400

Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеф Борреллдің мәлімдемесінде айтылған.

Еуропалық Одақ Газада гуманитарлық үзіліс жариялауға шақырды Фото: mungfali.com

ЕО Газадағы тереңдетілген гуманитарлық дағдарысқа қатты алаңдайтынын мойындады, деп жазады inbusiness.kz сайты Trend агенттігіне сілтеме жасап.

"ЕО әскери іс-қимылдарды тез арада тоқтату және гуманитарлық дәліздер құру, соның ішінде, шекара өткелдеріндегі мүмкіндіктерді кеңейту және гуманитарлық көмек Газа халқына қауіпсіз жетуі үшін арнайы теңіз маршрутын құру туралы шақыртуларға қосылады", - деді ЕО-ның Жоғарғы өкілі.

Сондай-ақ, мәлімдемеде ЕО Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын мойындайтындығы да атап көрсетілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу