Еуропалық Одақ Қызыл теңізде Aspides операциясын бастайды

418

Одақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі  Еуропалық Одақ 19 ақпанда Қызыл теңізде бір жыл мерзімге Aspides (қалқандар) операциясын бастайтынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еуропалық Одақ Қызыл теңізде Aspides операциясын бастайды Фото: jpost.com

Басылымның хабарлауынша, операция 1 жыл ішінде Қызыл теңіздегі барлық мақсатына жетуге тиіс. Бір жылда үлгермесе, операция мерзімі ұзартылуы мүмкін.

Операцияны Қызыл теңіздегі сауда кемелерін қорғау үшін ЕО-ға мүше мемлекеттер мақұлдады. Операция 19 ақпанда басталады.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында АҚШ пен Ұлыбритания ұшақтары мен әскери кемелері Йемендегі көтерілісші хуситтер тобына соққы бере бастады, олар жақында Иранның қолдауымен Қызыл теңіздегі сауда кемелеріне шабуыл жасай бастады.

Хуситтердің кім екені және олар Израильге бет алған кемелерге неліктен шабуыл жасайтыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу