Еуропалық Одақ пен НАТО Ресейге ресми үндеу жібереді

707

ЕО мен НАТО ресми түрде Ресейге Украина аумағынан әскерлерді шығаруды талап ететін бірлескен үндеу жасайды, сонымен қатар Киевтегі билікке толық қолдау көрсетуге уәде береді.  

Еуропалық Одақ пен НАТО Ресейге ресми үндеу жібереді Фото: img3.eadaily.com

Бұл туралы сәрсенбіде Politico газетінің еуропалық басылымында жарияланған материалда айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, құжаттың мәтіні бір жылдан астам уақыт бойы әзірленген, бірақ Кипр мен Түркия арасындағы шиеленіске байланысты жұмыс уақытша тоқтатылды. Газет хабарлауынша, декларация жақын арада ұсынылатын болады.

Дипломаттардың бірі басылымға бұл құжатта Германияның бастамасымен Қытайға қатысты тағы бір бөлім қосылғанын айтты.

Бастапқыда декларацияға маусымда Мадридте өткен НАТО саммитінде қол қойылады деп күтілгенін еске саламыз.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу