Еуропалық одақ ресейліктерге виза беру тәртібін қиындатты

661

16 жыл бұрын Ресей мен Еуропалық одақ виза беруді жеңілдету туралы келісім жасаған. Оған сәйкес, азаматтар бір реттік визамен 3 ай жүре алатын.

Еуропалық одақ ресейліктерге виза беру тәртібін қиындатты

Бүгіннен бастап Еуропалық одақ ресейліктерге виза беру тәртібін күрделендірді. Енді Шенген алу үшін бұрынғыдай 35 емес, 80 еуро төлеу керек. Оны рәсімдеу 1,5 айға созылды. Қажетті құжат тізімі де көбейді, деп хабарлайды Atameken Business.

Тапсырыс бергендердің барлығына бірдей рұқсат берілмеуі де мүмкін. Бұрынғыдай бірнеше мәрте шекара асып жүру деген болмайды. Виза қысқа мерзімге ғана арналады. Яғни сапар қанша күнге жоспарланса, сол уақыт аралығында ғана блокқа мүше елдерде еркін қатынауға болады.

Еуропалық Одақ кеңесі кейбір елдерге қосымша шектеу енгізуге де рұқсат берді. Онда бұрынғы визаның күшін жою мәселесі де қарастырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу