Себебі блокқа мүше мемлекеттер қазір виза беруді шектеу мәселесін қарастыруда. Енді солтүстіктегі көршілер шенген алу үшін көбірек ақша төлеуі немесе визасын ұзағырақ күтуі мүмкін. Еуропаның шығысы және Скандинав елдері туристік визаны бермеу керек деген уәж айтты. Кейбірі бұл мәселені аймақтық деңгейде шешкен жөн деп санайды.
Финдерге ресейліктердің осы ел арқылы Еуропаға ағылуы ұнамайды. Себебі Батыс Ресей ұшақтарын әуе кеңістігіне енгізуге тыйым салғаны белгілі. Брюссельдегі билік 30 жыл бойы виза беріп келдік. Алайда Федерацияның өзгергені шамалы деп санайды. Ал Кремльдегілер болса, еуропалықтар ақылынан адасты деп санайды.