Еуропалық Одақ саяси диалогты бастау үшін жақын болашақта Таяу Шығыста бейбіт реттеу жөніндегі конференция өткізуді күтуде. Бұл туралы inbusiness.kz сайты РИА Новости ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Сондай-ақ, біз Брюссель қаласында бейбіт процесті қайта бастауға мүмкіндік беретін бейбіт реттеу жөніндегі конференцияны азды-көпті жақын болашақта өткізуді асыға күтеміз", - деді ол.
Сонымен қатар, Сыртқы істер кеңесінің қатысушылары Украинадағы жағдайды, Таяу Шығыстағы дағдарысты, сондай-ақ, Армения мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынасты талқылады.
Айта кету керек, Брюссельге еуропалық дипломаттармен кездесуге Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Катц, Палестина Сыртқы істер министрі Рияд аль-Малики, сондай-ақ, Сауд Арабиясы, Египет, Иордания және Араб мемлекеттері лигасының жоғары лауазымды дипломаттары келді.