Еуропалық Одақ Түркияға 1 миллиард еуро бөлді

1347

Бұл туралы Еуроодақ комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. 

Еуропалық Одақ Түркияға 1 миллиард еуро бөлді Фото: baq.kz

Еуропалық комиссия Түркиядағы зілзаладан зардап шеккен аймақтарды қалпына келтіруге 1 миллиард еуро бөлді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Брюсселде өткен халықаралық конференцияда Еуропалық Одақ жер сілкінісінен зардап шеккен 11 аймақты қалпына келтіру үшін Түркияға 1 миллиард еуро бөлетінін мәлімдеді.

"Адамдар ұйықтап жатқанда, үйлері құлап астында қалды. Бұл қайғылы оқиғаны сөзбен жеткізу мүмкін емес. 50 мыңнан астам адам қаза тапты. Қаншама отбасы бір-ақ сәтте жоқ болды. Сол күні таңертең Түркия мен Сирия аза тұтты. Зілзала аймағына ондаған мың адам жұмылдырылды. Мыңдаған ерікті күн-түн демей жұмыс істеді", - деді Еуроодақ комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен.

Жер сілкінісінен соң бірден 1650 адамнан тұратын еуропалық топ Түркиядағы іздестіру-құтқару жұмыстарына қосылды. Осылайша Еуропалық Одақ алғашқы күннен көмек көрсетті. Ал Еуропалық комиссияның төрайымы Урсула фон дер Ляйен қираған аймақтарды қалпына келтіруге баса назар аударды.

"Жер сілкінісінен 13,5 миллион адам зардап шекті. Мектептер, үйлер мен ауруханалар жер сілкінісі ережелеріне сәйкес қайта салынуы керек. Біз ең алдымен адамдардың қалыпты өмірге оралуын қамтамасыз етуіміз керек", - деді.

Сондай-ақ, Ероодақ Сирияны қалпына келтіруге 108 миллион еуро бөлді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу