Тегін игілікті пайдаланған Украина азаматтары қолданыстағы роумингтерінен бас тартып жатыр. Себебі кейбір еуропалық мобильдік операторлардың қызмет құны қымбат. Қарапайым тарифтерге гривеньмен ақы төлеп, тегін роумингтерді иелену екі есе тиімділігін көрсетіп отыр. Себебі Украинаға қоңырау шалу тегін әрі интернеті жылдам.
Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Еуропалық Парламентте: "Украинаны мәңгі шексіз роуминг аумағына қосу туралы бастама көтеремін. Осылайша біз сауда-саттықтан бастап электр энергиясына дейін Украинаны еуронарықтың белді мүшесіне айналдырамыз" деп мәлімдеді.