Еуропалық одақта Ресей мұнайын жеткізуге тыйым салынды

630

G7 қойған шекті баға өз күшіне енді.  

Еуропалық одақта Ресей мұнайын жеткізуге тыйым салынды Фото: encrypted-tbn0.gstatic.com

5 желтоқсаннан бастап ЕО теңіз арқылы тасымалданатын ресейлік мұнайды қабылдауды тоқтатады, ал Үлкен жетілік елдері, Австралия мен Еуропалық Одақ оның бағасын барреліне 60 долларға дейін шектейді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Еуропалық Одақ жазда алтыншы санкциялар пакетін қабылдады, Ресейден теңіз мұнайын жеткізуге сол кезден басталған тыйым толығымен 5 желтоқсан күшіне енеді. Ал мұнай өнімдері үшін өтпелі кезең ұзаққа, 5 ақпанға дейін созылады.

Баға шектеулері "Дружба" құбыры арқылы келетін мұнайға қатысты болмайды.

Ресейлік мұнай бағасының шектеу көрсеткіші тұрақты болып қалмайды. Батыс елдері екі айда бір рет шекті бағаны қайта қарауды жоспарлап отыр, мұндай алғашқы рәсім қаңтардың ортасына жоспарланған.

Жаңа өзгерістер Еуропалық Одақтың барлық мүшелерінің бірауыздан шешімін талап етеді. Шекті баға үнемі Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) деректері негізінде есептелген нарықтық бағадан бес пайызға төмен деңгейде белгіленеді деп болжанады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу