Еуропалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 4 медаль иеленді

533

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы командалық есепте 15 орынды иеленді.

Еуропалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 4 медаль иеленді Фото: daryn_centre

2023 жылғы 13-19 сәуір аралығында Порторож қаласында (Словения) әлемнің 60 елінен 240 оқушы арасында өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасының қоржыны 4 медальға толығып, командалық есепте 15 орынды иеленді.

Мерей Темирзинова - Haileybury Astana мектебінің оқушысы – күміс медаль;

Анастасия Одинцова - Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің оқушысы – күміс медаль;

Ақерке Нурахметова - Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы – күміс медаль;

Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы – қола медаль.

Айта кетсек, Қазақстан олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Алғашқы жылда қыздарымыз 1 алтын, 1 күміс, 1 қола, 1 грамота алса, биылғы жылғы жетістіктермен қосқанда барлығы 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасымен марапатталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу