Еуропалық Парламент депутаттарының санын 720-ға дейін көбейту туралы шешім қабылданды

445

12 мүше мемлекет өзара 15 жаңа орынды бөлісе алады. 

Еуропалық Парламент депутаттарының санын 720-ға дейін көбейту туралы шешім қабылданды Фото: report.az

Еуропалық Парламенттің (ЕП) мүшелері Страсбургтегі пленарлық отырыста Еуропалық кеңестің ЕО Парламентінің мүшелерін келесі заңнамалық циклде 705-тен 720-ға дейін ұлғайту туралы шешімін мақұлдады, осылайша, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Маусым айындағы есебіне сүйене отырып, ЕП 15 депутатқа дейін парламентті кеңейту туралы шешім қабылдады. Орындардың көбеюі 2019 жылғы сайлаудан кейін ЕО халқының өзгеруімен байланысты.

Қарарға сәйкес Франция, Испания және Нидерланды екі қосымша орынға ие болады, ал Австрия, Дания, Бельгия, Польша, Финляндия, Словакия, Ирландия, Словения және Латвияға бір-бірден тиесілі.

Бұл ұсынысқа ЕО-да 515 дауыспен қолдау тапты, 74 "қарсы" дауыс берсе, 44 дептутат қалыс қалған. 2024 жылы Еуропалық сайлаушылар сайлауда ЕП орындарының ұлғаюының тағдырын шешеді.

Еуропалық парламенттің құрамы әр сайлау алдында ЕО шарттарында көрсетілген принциптер негізінде бағалануы керек. Парламентте 750-ге дейін мүше және бір төраға болуы мүмкін. Мүше мемлекетте кемінде 6 орын және 96 мандаттан аспайтын орын болуы мүмкін. ЕП сайлауы әр бес жыл сайын өткізіледі.

Қазіргі уақытта Парламенттің 705 мүшесі бар. Ең аз өкіл Мальтада — алты депутат. Ең көбі — 96 Германияға тиесілі.

2019 жылдың мамыр айындағы соңғы сайлауда 751 мүше сайланды, бірақ Ұлыбритания шыққаннан кейін еуро депутаттарының саны 705-ке дейін қысқарды. Орындарды бөлу Еуропалық Одақтың шарттарымен анықталады.

Еуропалық парламентке сайлау әрбір мүше мемлекеттің сайлау ережелеріне сәйкес өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу