Еуропалық сот адам құқығы жиі тапталатын елді атады

1619

Еуропалық сот адам құқығы жиі тапталатын елді атады

Адам құқығы жөніндегі еуропалық сот Еуропалық кеңеске мүше елдер арасында Ресейді адам құқығы жиі тапталатын ел деп таныды. Бұл жайында аталған соттың 2017 жылды қорытынды баяндамасында айтылған, деп жазды islam.kz.

Өткен жылы аталған сотқа келіп түскен арыз-шағымның дені Ресейден болған. Нақтырақ айтқанда, соттың өткен жылғы шығарған 1068 шешімнің 305-і ресейліктерге қатысты болып отыр. Ресей Федерациясының азаматтары негізінен өмір сүруге мүмкіндік бермейтін ресейлік биліктің жүгенсіздігіне, азаптауына, тергеуді біржақты жүргізуге, негізсіз тұтқындауға, т.б. қатысты арызданған.

"Агора" деп аталатын халықаралық құқық қорғаушылар тобының жетекшісі Павел Чиков еуропалық сотқа ресейліктерден арыз-шағымның көптеп түсуін ресейлік соттардың кәсібиліктен алыс екендігін айғақтайтынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу