Еуропалықтардың көпшілігі биыл мигранттар мәселесі күрделі болғанын айтады

1039

Еуропалықтардың көпшілігі биыл мигранттар мәселесі күрделі болғанын айтады

Еуропа елдері мен АҚШ тұрғындары өздері тұратын мемлекетте соңғы жылдары мигранттар мәселесі күрделеніп кеткенін айтады. Оны Sputnik.Мнения жүргізген сауалнама нәтижесі көрсетіп берді.

Италия (79%),  Франция (67%) және Ұлыбритания (53%) тұрғындарының басым көпшілігі босқындар жайын жағымсыз деп көрсеткен. Германия мен Испанияда көңілі толмайтындардың саны 45%-ды құраса, ал Польшада ол ең төмен – 35% болып отыр.

Босқындардың жағдайы жақсарғанын немістердің тек 16%-ы ғана, ал Франция, Испания және Ұлыбританияда сауал жолданғандарының 7%-ы, Польшаның –  6%-ы және Италияның  2% ғана атап өткен.

Бұл мәселеге әсіресе оңшыл партияның жақтастары мен жасы 35-тен асқандардың  көңілі толмайды. Тек түрлі партиялық көзқарастағылар арасында айырмашылық Польшада және  сауалнама түрлі жастағы адамдар арасында жүргізілгеніне қарастан  Германияда пікір қайшылығы байқалмады.

АҚШ-та сауал жолданғандардың 38%-ы босқындардың жағдайы нашарлап кеткенін айтқан. Тек 19%-ы ғана жағдай түзеліп келеді десе, ал 33%-ы түк те өзгерген жоқ дейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу