Еуропаның басты экономикасында бағаның өсуі рекордтық деңгейге жетті

902

Бірқатар экономист Еуроодақта бағаның өсу қарқыны қыркүйекте 3,3%-ға артады деп отыр.

Еуропаның басты экономикасында бағаның өсуі рекордтық деңгейге жетті

Германияда бағаның өсуі соңғы 30 жылдағы ең жоғары деңгейге жетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Қыркүйек айында Еуропаның негізгі экономикасы саналатын бұл елде инфляция 4,1%-ға дейін өсті.

Бұған энергетикалық дағдарыс себеп болып отыр. Еуропадағы электр энергиясының құны Ресей мен Норвегиядан жеткізілетін газ мөлшерінің азаюы, сондай-ақ сұраныстың артуы салдарынан қымбаттады. Тұтыну тауарлары бағасының шарықтауына жергілікті локдаундтар кесірінен жеткізілімнің кешіктірілуі әсер етті. 

Еуропаның басқа елдерінде де инфляцияның деңгейі рекордтық көрсеткішке ие болды.Мәселен, Францияның көрсеткіші 2,7%-ды құрады. Италияда инфляция 4%-ға өсті. Бірқатар экономист Еуроодақта бағаның өсу қарқыны қыркүйекте 3,3%-ға артады деп отыр. 

Еуропадағы газ бағасы да рекордтық деңгейге жетті. 30 қыркүйекте мың текше метр құны 1098 доллар болды. Алдыңғы сауда сессиясының жабылу деңгейімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,9%-ға артық.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу