Еуропаның бір елі Украинаға көпір арқылы көмек көрсететін болды

Бұл қолдау қыс мезгілінде Ресей шабуылдарынан зардап шеккен инфрақұрылымның жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Еуропаның бір елі Украинаға көпір арқылы көмек көрсететін болды Фото: ukraina.com

Еуропалық одақ Украинаға Норвегиядан 4 қалқымалы көпір жеткізіп, тағы 500 генератор мен 200 автобус бермек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен мен Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта Украина президенті Владимир Зеленскиймен Дублинде өткен кездесуден кейінгі бірлескен мәлімдемесінде айтылды. 

Қалқымалы көпірлер өзендер мен басқа да су кедергілері арқылы уақытша өткел ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, соғыс жағдайында олардың маңызы арта түседі. Өйткені, көлік қатынасының үзілмеуі азық-түлік, дәрі-дәрмек, гуманитарлық жүк пен басқа да қажетті заттарды жеткізуге тікелей әсер етеді. Сонымен бірге тұрғындарды эвакуациялау және төтенше жағдай қызметтерінің қозғалысы үшін де маңызды саналады. 

Норвегия бұған дейін де Украинаға уақытша көпірлер жеткізген. 2022 жылғы желтоқсанда ел Украинаға жалпы құны 30 миллион норвегиялық крон болатын 10 көпір кешенін жөнелтуді бастаған. Бұл құрылымдар соғыс салдарынан қираған көлік өткелдерін қалпына келтіруге арналған. 

Осылайша, Еуропалық одақтың жаңа қолдауы Украина үшін тек энергетикалық тұрақтылықты ғана сақтап қоймайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу