Еуропаның көп бөлігін қар басып қалды

319

Бұл туралы Нидерландтың KNMI метеорология бюросы хабарлайды. 

Еуропаның көп бөлігін қар басып қалды Фото: pixabay.com

Нидерландтың KNMI метеорология бюросы елдің жағалаудағы аудандарында ауа райына байланысты ескертудің "сары кодын" жариялады. Онда қалың қар жауады және жолдарда көктайғақ болады деп болжанған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сенбі күні Еуропаның көп бөлігін қар басып қалды, ал немістің Мюнхен қаласындағы әуежай жабылып, 700-ден астам рейс тоқтатылды.

Сонымен қатар, Аустрия мен Швейцарияда да жұма күні 50 сантиметрге дейін қар жауып, қиындық туындады. Англия мен Шотландияның кей бөліктерінде де қыс қаһарына мінді.

Нидерланд синоптиктерінің дерегінше, қалың қар әсіресе елдің солтүстіктегі провинцияларына жауып, биіктігі бес сантиметрге жетуі мүмкін. Дүйсенбі күні де жауын-шашын болады, бірақ содан кейін температура біртіндеп жоғарылай бастап, қарды жаңбыр алмастырады.

Осындай күн райы Бельгияда да болады. Елдегі Батыс және Шығыс Фландрияда көктайғақ болуы ықтимал. Сондай-ақ қар жауып (1-3 см аралығында), әсіресе батыста көктайғақ болады деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу